Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Атом энергиясын пайдалану туралы
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган: 

1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады; 

2) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

3) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 

4) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 

5) атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді; 

6) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

7) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

8) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді; 

9) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді; 

10) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

11) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

12) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

13) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

14) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді; 

15) алып тасталды – ҚР 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

17) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді; 

18) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді; 

19) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

20) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

21) халықтың және (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді; 

22) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды; 

23) ядролық материалдардың мемлекеттік есебін жүргізеді; 

24) иондандырушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді; 

25) атом энергиясын пайдалану саласындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады; 

26) алып тасталды – ҚР 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен, Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданады; 

28) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады; 

29) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

30) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді; 

31) атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді; 

32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 7‑1 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться