Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық-құтқару жұмыстары – апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;

2) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

3) авиамаршрутқа арналған куәлiк – авиациялық маршрутты тұрақты рейстерді орындау үшін пайдалану құқығына арналған құжат;

4) авиация – қызметі әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына және оған жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдардың барлық түрлері;

5) авиациялық жұмыстар - басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланушы азаматтық әуе кемелерін қолдана отырып орындайтын мамандандырылған операциялар;

5-1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;

6) авиациялық қауіпсіздік – азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау, оған шаралар кешенін іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізіледі;

6-1) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) авиациялық қызмет - әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына жағдайлар жасауға бағытталған қызметтің барлық түрі;

8) авиациялық қызметтер көрсету – азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;

9) авиация қызметіне заңсыз араласу – авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерін төндiрген құқыққа қарсы әрекет;

10) авиациялық маршрут (авиамаршрут) – авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы;

10-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;

10-2) авиациялық медициналық инспектор – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген авиация инспекторы;

10-3) авиациялық медициналық орталық – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

10-4) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты – авиациялық медициналық орталықтың сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;

10-5) авиациялық медициналық сарапшы – авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар, авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен еңбек өтілі бар, әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты адамдарды куәліктерді немесе біліктілік белгілерін алуға медициналық куәландырудан өткізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын дәрігер;

10-6) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізу және медициналық сертификат беру құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;

11) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

12) авиациялық оқу орталығының сертификаты – авиациялық оқу ұйымының сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

13) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификат – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

14) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

14-1) авиациялық хаб – жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді межелі орынға жеткізу үшін авиакомпаниялар аралық пункт ретінде пайдаланатын, тоғысатын рейстерді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар авиакөліктік тораптық әуежай;

15) автомобиль жолының әуеайлақтық учаскесі – әскери-қызметтік міндеттер мен әскери дайындық міндеттерін шешу кезінде мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшып көтерілуі және қонуы үшін пайдаланылатын, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған автомобиль жолының учаскесі;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

16-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

16-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшы мен оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және авиация инспекторларының лауазымдарын атқаратын қызметкерлері;

16-3) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын және әуе көлігінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге және оның басқа да мәселелерін реттеуге бағытталған авиациялық қағидаларды қабылдайтын халықаралық ұйымдар;

17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық қағидалары – азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған талап;

18) азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19-1) азаматтық-әскери үйлестіру жүйесі – авиацияның барлық түрінің әуе кеңістігін қауіпсіз және тиімді пайдалануына бағытталған іс-шаралар кешені;

20) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау қағидаларына және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

21) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген және азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

22) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

23) апатқа ұшыраған әуе кемесі – жермен жүрген, ұшып көтерілген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымданған немесе толық қираған әуе кемесі, сондай-ақ әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі түрде қонған әуе кемесі;

24) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесі – өзіне немесе бортындағы адамдарға тікелей қауіп төнген не онымен радиобайланысы үзілген және қай жерде екені белгісіз әуе кемесі;

25) аса маңызды ұшу – Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;

26) аэроклуб – әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын және осы Заңда көзделген жағдайларда жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлға;

27) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;

28) аэронавигациялық ақпарат құжаты – ұшуды орындау, әуе кемесіне қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару үшін елеулі маңызы бар ақпаратты қамтитын, белгіленген тәртіппен бекітілген және жарияланған құжат;

28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және байқау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық жағынан және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.

Бұл қызмет көрсету түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдерінде (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) ұсынылады;

29) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші – әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты – аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;

29-2) әділ мәдениет – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, авиация персоналы және азаматтық авиация саласындағы өзге де жұмыскерлер азаматтық авиация саласындағы қателіктер немесе теріс қылықтар туралы хабарлайтын және жасалған қателіктер немесе теріс қылықтар үшін жауаптылықта болмайтын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты;

30) әуеайлақ – жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);

31) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жарамдылығының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

32) әуеайлақ маңындағы аумақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінде орналасқан орталығы және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын радиусы бар жер бетіндегі аумақ;

33) әуеайлақтық метеорологиялық орган – әуеайлақта орналасқан, әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған қызмет;

34) әуеайлақтық қозғалыс – әуе кемелері мен көлік құралдарының әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы қозғалысы, сондай-ақ барлық әуе кемелерінің әуеайлақ аумағындағы ұшуы;

35) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;

36) әуежай – әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдығы бар құрылыстар кешенi;

37) әуежай қызметi – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, авиациялық жұмыстарды, ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асыратын қызметі;

38) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты – әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;

39) әуежайдың бақыланатын аймағы – оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;

40) әуе кемесi – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;

41) әуе кемесімен жалданушы – әуе кемесін жалдау (чартер) шартына сәйкес бiр немесе бiрнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау және басқа да мақсаттар үшiн бiр әуе кемесiнiң (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бiр бөлiгiн ақысын алып екiншi тарапқа (әуе кемесiн жалдаушыға) экипажымен қоса беретiн және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсететін әуемен тасымалдаушы;

42) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
43) әуе кемесін жалдаушы – бір немесе бiрнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшiн бiр әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бiр бөлiгiн экипажымен қоса өзінің пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесімен жалданушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

44) әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы – азаматтық әуе кемесінің тип сертификатында немесе ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, әуе кемесінің рұқсат етілген ең жоғары ұшып көтерілу массасы;

45) әуе кемесiнiң ұшуы – әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;

46) әуе кеңістігін пайдалану режимі – әуе кеңістігін пайдалануды арнайы ұйымдастыруды талап ететін қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі құрылымының жекелеген элементтерін пайдаланудың уақытша тәртібі;

47) әуе қозғалысы – ұшып жүрген және әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы әуе кемелерінің қозғалысы;

48) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аумақтық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

49) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;

50) әуе қозғалысын басқару – ұшуды жоспарлаудың, үйлестірудің және қамтамасыз етудің кешенді процесі, әуе кемелерінің қозғалысын әуеде және жерде тікелей басқару, сондай-ақ ұшудың белгіленген режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау;

51) әуе қозғалысын басқару органы – өз құзыреті шегінде және өзі үшін белгіленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның әуе қозғалысын басқару орталығы немесе басқару пункті;

51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру – барлық тараптармен ынтымақтастықта құралдарды ұсыну және үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы және жерүсті функцияларын пайдалана отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қоса алғанда, қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді әрі интеграциялы ұйымдастыру;

52) әуемен тасымалдау – жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметi;

53) әуе трассасы – дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);

53-1) әуе кемесін жалдау (чартер) шарты – тасымалдау (әуе кемесін жалдау) шарты, ол бойынша жалға беруші (әуе кемесін жалға беруші) жалға алушыға (әуе кемесін жалдаушыға) жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшін бір әуе кемесінің (немесе бірнеше кемелердің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып уақытша иеленуге беруге және бір немесе бірнеше рейске пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге міндетті;

53-2) борттағы өздігінен жазатын құрал – авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу үшін қосымша мәліметтер көзі ретінде әуе кемесінің бортында орналастырылатын кез келген өздігінен жазатын аспап;

53-3) даярлаудың және бағалаудың құзыреттілік жүйесі – авиация персоналын даярлау және бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аудару, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;

54) жауапкершілік аймағы – әуе қозғалысына қызмет көрсететін орган немесе әуе қозғалысын басқару органы өз функцияларын жүзеге асыратын белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;

54-1) жерде қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтымайтын, әуе кемесі әуежайға (әуеайлаққа) келген немесе әуе кемесі әуежайдан (әуеайлақтан) жөнелтілген кезде қажетті қызмет көрсету;

54-2) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші – әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

55) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;

55-1) инспекторлық нұсқама – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін берген жеке сипаттағы акт;

56) кабиналық экипаж мүшесі – қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;

57) коммерциялық әуе тасымалы – заңды тұлғалардың жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдау шартына сәйкес азаматтық әуе кемелерімен ақысын төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдау жөніндегі қызметі;

57-1) кіру шектелген күзетілетін аймақ – әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері;

58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;

59) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi – Қазақстан Республикасының құрлықты және сулы аумағының үстіндегі, оның iшiнде аумақтық суларының үстiндегi әуе кеңiстiгi;

60) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмi – Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлетiн құжат;

60-1) қайтарылмайтын өкілеттік – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы соның пайдасына берілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілеттігі;

61) қауіпті аймақ – оның шегінде белгілі бір уақыт кезеңінде әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі;

61-1) қауіпті жүктер – адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
61-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
62) қону алаңы – жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;

63) қосалқы әуеайлақ – қону белгіленген әуеайлаққа бару немесе оған қону мүмкін болмаған немесе мақсатқа сәйкес болмаған жағдайда, әуе кемесі бара алатын әуеайлақ;

63-1) медициналық қарап-тексеру – авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;

63-2) медициналық сертификат – медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;

63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы – мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

65) метеорологиялық ақпарат – нақты немесе күтіліп отырған метеорологиялық жағдайларға қатысты, әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған метеорологиялық мәлімет, талдау, болжам және кез келген басқа хабарлама;

65-1) нұсқамалық материал – сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану, сондай-ақ сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерді әртүрлі деңгейлерге жатқызу мақсатында, процестер мен рәсімдердің сипаттамасын қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына арналған құжат;

66) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

66-1) пилотсыз авиациялық жүйе – пилотсыз әуе кемесі және пилотсыз әуе кемесін әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті онымен байланысты (пилотсыз әуе кемесін басқаратын байланыс арналары мен құрамдастарды қоса алғанда) элементтер;

66-2) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының үстінде белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігінің бір бөлігі, оның шегінде пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;

66-3) пилотсыз әуе кемесі – дербес жұмыс істеуге және (немесе) бортында пилотсыз қашықтан басқаруға пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;

66-4) рейс мәртебесінің өзгеруі — маршруттың жоспарланған бағыттан өзгеруі, рейстің кідіруі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (ұшып келу) уақытына немесе маршрутқа әсер ететін өзге де өзгеріс;

66-5) сараптамалық медициналық қорытынды – авиациялық медициналық инспектор даулы жағдайлар бойынша, қажет болған кезде авиация саласындағы басқа да мамандарды тарта отырып берген құжат;

66-6) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) – пайдаланушысына әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);

67) тергеп-тексеру – авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны болғызбау мақсатында жүргізілетін, оның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, ақпаратты жинауды және талдауды, қорытындылар әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;

67-1) тип сертификаты – әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым немесе азаматтық әуе кемесі типінің конструкциясын, қозғалтқышты немесе әуе бұрандасын айқындау үшін шет мемлекет берген және конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;

68) тұрақты емес рейс (ұшу) – тұрақты рейс (ұшу) болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу);

68-1) тұрақты қадағалау – халыққа қауіпсіз авиациялық қызметтерді ұсыну мақсаттарында сертификаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалау түрі;

69) тұрақты рейс – авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;

70) тыйым салынған аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің арнайы рұқсатсыз ұшуды орындауына тыйым салынады;

71) тікұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезінде негізінен шамамен тік қалыпта болатын осьтердің айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бір немесе бірнеше тірек бұрандамен ауа реакциясының есебінен қалықтайтын әуе кемесі;

72) тікұшақ айлағы – әуеайлақ немесе құрылыстың үстіңгі бетінің тікұшақтардың келуіне, жөнелтілуіне немесе осы үстіңгі беті арқылы қозғалуына толықтай немесе ішінара арналған белгілі бір учаскесі;

72-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар, азаматтық авиация субъектісі болып табылатын заңды тұлға;

73) уақытша әуеайлақ – жылдың белгілі бір кезеңінде әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған, белгіленген тәртіппен есепке алуға жататын стационарлық құрылыстары мен жабдықтары жоқ әуеайлақ;

74) ұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;

75) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі;

76) ұшуға жарамдылығының нормалары – әуе кемелерiнiң конструкциясына, параметрлерi мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған компоненттеріне қойылатын талаптар;

76-1) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива – қозғалтқыштар мен әуе қалақтарын, әуе кемесінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әуе кемесінің жинақтауыштарын түрлендіруге, ауыстыруға қатысты немесе әуе кемесіне тексеру жүргізудегі және (немесе) оны пайдаланушылық шектеулерге және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер енгізудегі талаптарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдауға бағытталған ақпарат;

76-2) ұшуға шектеу қойылған аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;

77) ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот, экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтер;

78) ұшу қауiпсiздiгi – адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлікке залал келтіру тәуекелі қолайлы деңгейге дейін төмендетілген және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осы не бұдан да төмен деңгейде тұратын жай-күй;

78-1) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі – ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерді, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға арналған жүйелі тәсіл;

78-2) ұшу сынақтары – әуе кемесінің, күш қондырғыларының, авиациялық және арнаулы жабдықтың, қару-жарақтар мен басқа да авиациялық техниканың, аэродинамика және әуе кемелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің беріктігі саласындағы зерттеулердің сипаттамаларын айқындау үшін және (немесе) азаматтық авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығы талаптарына сәйкестігін айқындау үшін орындалатын ұшу;

79) ұшу экипажының мүшесі – авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;

80) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
81) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) – әуе қатынасы қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салада халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;

81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігін немесе тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;

81-3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы немесе тиімділігі мүдделерінде дұрыс болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;

82) халықаралық әуежай – кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуемен тасымалдауды қамтамасыз ететін әуежай;

83) халықаралық әуемен тасымалдау – тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзiлiстiң болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттерi:

екi немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;

егер екiншi мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бiр мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау;

84) халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы – халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізу;

85) халықаралық ұшу – әуе кемесiнің шет мемлекет шекарасын кесiп өтетін ұшуы;

85-1) іздестіру-құтқару жұмыстары – апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды іздестіру және оларға көмек көрсету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

86) экипаж мүшесі – авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;

87) экипаж мүшесінің куәлігі – экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат.

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться