Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бiлiм туралы
19-бап. Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары



Ст. 19 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы



1. Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріледі. 

2. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзеу оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі. 

3. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде немесе үйде іске асырылады.

 Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...68 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы