Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бiлiм туралы

Бiлiм туралы
30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту



Ст. 30 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы



1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады. 

2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.

Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.

 Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...68 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы