Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 19 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3



Қоғамдық бiрлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады.

Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

- өз қызметi туралы ақпарат таратуға;

- соттар мен басқа да мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;

- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

- жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;

- баспа қызметiн жүзеге асыруға;

- халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;

- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.

Қоғамдық бiрлестiк:

- Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;

- өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;

- ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;

- тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi.

 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3