Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 11 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ



Уәкілетті орган: 

1) аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және айқындайды; 

2) алып тасталды - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін әзірлейді және айқындайды; 

3) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін әзірлейді; 

3-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін әзірлейді; 

4) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді; 

5) қордың қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты жыл сайын әзірлейді; 

6) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді; 

7) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін қордың қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін әзірлейді және бекітеді; 

8) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады; 

9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады; 

10) қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы; 

11) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады; 

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ