Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары



Ст. 12 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422



1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады және мерзімсіз қорғалады.

2. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген селекциялық жетiстiктiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.

3. Өзiнiң селекциялық жетiстiгiне өз есiмiн беруге автордың құқығы бар.

4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иесiнен сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлемiнiң мөлшерi мен шарты патент иеленушi мен автор арасында жасасылған шартта белгiленедi.

Бұл орайда автор сыйақысының мөлшерi патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктердi пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдерi, оның iшiнде лицензия сатудан алатын түсiмдерi сомасының бес процентiнен кем болмауға тиiс.

Егер автордың патент иеленушiмен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл бiткеннен кейiн алты ай iшiнде төленедi.

Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлеспен төленеді.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422