Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
24-бап. Селекциялық жетiстiктердi өндiрiсте пайдалану



Ст. 24 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422



1. Пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне селекциялық жетістіктерді агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган:

1) тұқымдар бойынша – шаруашылықтағы пайдалылығы жөнінде тұқымдарды сынау және байқау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша;

2) сұрыптар бойынша – шаруашылықтағы пайдалылығы жөнінде ауыл шаруашылық дақылдарын сұрыптық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша немесе өтінім берушінің деректері бойынша енгізеді.

2. Өткiзiлетiн ұрықтармен және асыл тұқымдық материалмен олардың қандай сортқа, тұқымға жататынын, қайдан шыққанын және сапасын куәландыратын тиiстi құжаттар қоса жүруге тиiс.

Құжат тиiстi аймақта пайдалануға жiберiлетiн сорттың ұрығына, тұқымның асыл тұқымды материалына берiледi.

 Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...22-6 23 24 25 26 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422