Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар



Ст. 39-1 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593



1. Сулы-батпақты алқаптар – табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңiз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсiмiн молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.

2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.

4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.

5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсiмiн молайту жөніндегі шаралар көзделеді.

6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.

Ескерту. Заң 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...38 39 39-1 40 41 ...61 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-1-бап Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593