Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Күзет қызметi туралы
13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 13-1 Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85



1. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер: 

1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге; 

2) қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; 

3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс; 

4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киiмiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға; 

5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге; 

6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы. 

2. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер: 

1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға; 

2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға; 

2-1) аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға; 

3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге; 

4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге; 

5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi. 

Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін
құқықтық ресімдеу


Статья 1 ...12 13 13-1 14 15 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-1-бап Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85