Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Күзет қызметi туралы
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт



Ст. 16 Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85



1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.

2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi:

1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;

2) жеке күзет ұйымдары;

 3) алып тасталды - ҚР 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.

3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша клиент ретiнде жеке және заңды тұлғалар iс-қимыл жасауға құқылы.

4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта:

1) қызмет көрсетушiнiң күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер;

2) қызмет көрсетушiнiң мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi;

3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер;

4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi;

5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс.

5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.

 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.

Статья 1 ...15-1 15-2 16 17 17-1 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85