Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету



Ст. 23 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710



1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.  

2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгі үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi. 

3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда), коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым жүзеге асырады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.22 № 327 (1999.01.01 бастап күшіне енеді), 2002.03.21 № 309, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710