Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті



Ст. 12 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V



1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

2) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;

3) әкiмшiлiк полицияның штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен ұстауды қамтамасыз етедi;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.11.2015 № 388-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттары ахуалдық орталығының электрондық почта, бейне-конференциялық-байланыс және бейнебақылау жүйесінің көрсетілетін қызметтерiне жұмсалатын шығындарды қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және көрсетілетін байланыс қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды қоса алғанда, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi;

5) учаскелiк полиция инспекторлары қызмет көрсететiн учаскелерде оларды жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған, жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;

3) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V