Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери полиция органдары туралы

Әскери полиция органдары туралы
5-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi



Ст. 5 Әскери полиция органдары туралы 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32



Әскери полиция органдарының мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;

 2-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау;

3) қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды анықтау;

 4) Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру iсiн жүргiзу;

5) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлiмдер орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен әскери қызметшiлердi iздестiру;

6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) заңнамада көзделген жағдайларда әскери қызметшiлердi гауптвахтаға жабу арқылы ұстауды орындау, сондай-ақ әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау;

7-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;

8) өздеріне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының міндеттері:

 1) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізетін адамдар жасаған жол жүру қағидаларын бұзу бөлігінде) іс жүргізу болып табылады.

  Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10 N 177-IV, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...15 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Әскери полиция органдары туралы 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32