Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әдiлет органдары туралы
21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары



Ст. 21-1 Әдiлет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304



Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды:

1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);

2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);

3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

 Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...20 21 21-1 22 22-1 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әдiлет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-1-бап Әдiлет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304