Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
65-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру тәртiбi



Ст. 65 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Маңыздылығына байланысты мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жекелеген түрлерi және табиғи кешендер республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi болып жарияланады.

2. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасы мен күзет режимiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасы мен күзет режимiнiң түрлерiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтедi.

3. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi мен олардың аумақтарын олар қарауына тапсырылған тұлғалардың күзетуiне берудi уәкiлеттi орган, ал жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн - оларды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа түрлерiнiң аумағында орналасқан мемлекеттiк республикалық маңызы бар табиғат ескерткiштерi солардың құрамында ескерiледi.

Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды құру немесе кеңейту кезінде жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіштер жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығарылады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін құру мен кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізіледі.

 Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 65-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175