Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері



Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109



1. Бағалаушылар, тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар бағалау қызметінің субъектілері болып табылады.

2. Бағалаушы жеке тұлғалар бағалау қызметімен осы Заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензия негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес айналысуға құқылы.

3. Бағалаушы заңды тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензия негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109