Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 7 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
7-бап. Бағалау жүргiзудiң негiздемелерi

1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.  

Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.  

2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда объектiнi бағалау, оның iшiнде қайта бағалау соттың немесе уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлуi тиіс.  

3. Сот және уәкiлеттi орган бағалаушыны таңдауда дербес болады.  

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.02.14. N 388, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 6‑1 7 8 9 ...22

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109