Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы
6-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметiн шектеу



Ст. 6 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 590




Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған iс жүргiзу қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыруға;

2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн иеленiп алуға;

3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасауға;

4) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысу кезiнде куәгер болуға;

5) адам мен азаматтың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн iс-әрекеттер жасауға;

6) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысу кезiнде осы Заңның 7-бабының 3) тармақшасында аталған құралдарды қоспағанда, құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға тыйым салынады.


Статья 1 ...4 5 6 7 8 9 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 590