Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
170-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері



Ст. 170 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде:

1) тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға;

2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;

3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуға;

4) басқа субъектілермен мәні бірдей шарттарға кемсітушілік шарттар қолдануға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.

2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері, егер жиынтығында олар мынадай:

1) мұндай әрекеттердің нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүддесіне сай келген;

2) нарық субъектілерінің әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;

3) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерінен туындаған және осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған;

4) оларға қатысатын нарық субъектілерінің жиынтық үлесі тиісті тауар нарығында отыз бес және одан көп пайызды құраған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін.

3. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері жазбаша келісімнің бар-жоғына қарамастан, келісілген әрекеттер деп танылады.

4. Егер келісілген әрекеттерді бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілері жасаса және олар:

1) озық технологияларды ендіру жолымен өндірісті жетілдіруге;

2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;

3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай әрекеттерге жол беріледі.

Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 170-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ