Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
173-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу



Ст. 173 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында айқындалған, реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі болып табылады.

2. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту және оған өзгерістер енгізу монополияға қарсы органның шешімімен жүзеге асырылады.

3. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі монополияға қарсы орган айқындайтын нысан бойынша бекітіледі.

4. Монополияға қарсы орган нарық субъектілерін реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне және реттеуші органдарға монополияға қарсы орган нарық субъектілерін тізілімге енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тізілімнен үзінді көшірме жіберіледі.

5. Тұлғалар тобы реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне бірыңғай нарық субъектісі ретінде енгізіледі және бұл ретте тиісті тауар нарығында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тобына кіретін барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетіледі.

6. Нарық субъектілерін реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау монополияға қарсы орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Статья 1 ...171 172 173 174 175 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 173-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ