Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
193-бап. Мемлекеттік монополия



Ст. 193 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелес нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы мемлекеттiк монополия болып табылады. 

2. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы. 

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен 324-бабының 12-тармағынан қараңыз.

3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады. 

4. Мемлекеттік монополия субъектісіне: 

1) технологиялық тұрғыдан тауарларды өндірумен байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарлар өндіруге; 

2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға; 

3) мемлекеттік монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге; 

4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың екінші бөлігінің қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 13-тармағынан қараңыз.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шектеулер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қолданылмайды. 

Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейінгі кезеңге технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы беріледі. 

5. Мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

6. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 4-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды осы Кодекске сәйкес монополияға қарсы орган жүзеге асырады. 

7. Мемлекеттік монополия енгізілген кезде мынадай шарттар сақталады: 

1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілуден кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс; 

2) мемлекеттік монополия күшіне енгізілгеннен кейін алты ай мерзім бойы осы тауарды өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы; 

3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес нарық субъектілеріне мемлекеттік монополияны енгізу нәтижесінде келтірілген нұқсан өтеледі.  

8. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды. 

18-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ


Статья 1 ...191 192 193 194 195 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 193-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ