Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Еңбек кодексi
67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері



Ст. 67 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ



1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер; жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер жұмыс уақытына жатады.

2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.

Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...204 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 67-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ