Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
115-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету



Ст. 115 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Мекемелердегі бiр сотталған адамға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы – екi жарым шаршы метрден, әйелдердi ұстауға арналған мекемелерде – үш шаршы метрден, кәмелетке толмағандар үшін – үш жарым шаршы метрден кем болмауы керек. 

2. Сотталғандардың тұрақты тұруына арналған ортақ тұрғын үй-жайларда, бөлмелер мен камераларда нақты бар тұрғын алаң негізге алына отырып, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген нормаларға сәйкес жазаны өтеу орындарының лимиті айқындалады. 

Әр мекеме үшін жазаны өтеу орындарының лимитін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді және сотталғандардың тұрақты тұруына арналған жаңа тұрғын алаңдар пайдалануға берілген және бұрыннан бар тұрғын алаңдар реконструкцияланған кезде өзгереді. 

3. Сотталғандарға жеке жатын орындар мен төсек керек-жарақтары беріледі. 

Сотталғандар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жынысы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киіммен, ішкиіммен және аяқкиіммен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. 

4. Сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпорындар қаражаты есебінен оларға белгіленген нормалардан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкін. 

Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін жұмсауға рұқсат етілетін, осы Кодексте белгіленген ақша сомасынан асырып, сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан: мекемелерде пайдалануға рұқсат етілген аяқкиім мен киімді, оның ішінде спорттық аяқкиім мен киімді қосымша сатып алуға; медициналық көрсетімдер бойынша қажетті емдәмдік тамақ алуға; өздерінің қалауы бойынша көрсетілетін емдеу-профилактикалық және нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын өзге де қосымша қызметтер көрсетудің ақысын төлеуге құқылы. 

5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектерге жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді. 

6. Мүгедек болып табылатын сотталғандар ұсталатын үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.

Статья 1 ...113 114 115 116 117 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 115-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V