Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
126-бап. Сотталғандардың ерікті ұйымдары



Ст. 126 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сотталғандардың түзелуіне жәрдемдесу мақсатында мекемелерде ерікті негізде мекеме әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейтін сотталғандардың ұйымдары құрылады. 

Өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандардың арасынан мекемелер ұжымдары мен отрядтарының кеңестері құрылады. 

2. Мыналар сотталғандардың ерікті ұйымдарының негізгі міндеттері болып табылады: 

1) мекемеде оң моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру; 

2) сотталғандардың жағымды әлеуметтік байланыстарын дамыту; 

3) сотталғандардың қоғамдық-пайдалы бастамасын қолдау; 

4) сотталғандарға рухани, кәсіптік және дене бітімінің дамуына көмек көрсету; 

5) сотталғандардың еңбегін, тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу. 

3. Ерікті ұйымдардың жұмысына қатысу сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезінде ескеріледі. 

4. Сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтарды пайдаланбайды және мекеме әкімшілігінің өкілеттіктеріне ие бола алмайды.

Статья 1 ...124 125 126 127 128 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 126-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V