Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
129-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртібі

Ст. 129 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Осы Кодекстің 128-бабы бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген көтермелеу – мінез-құлқының бағалауы жоқ не дәрежесі бірінші, екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға, ал 6) тармақшадағы – дәрежесі бірінші немесе екінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға, осы баптың үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен қолданылады. 

2. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға көтермелеу тәртібімен жылына төрт ретке дейін қосымша қысқа мерзiмдi кездесу алуға рұқсат берiледi. 

3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданылған күннен бастап кемінде үш ай өткен соң жол беріледі. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға жол берілмейді. 

4. Көтермелеу мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады. 

Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...127 128 129 130 131 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 129-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V