Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
27-бап. Сот бақылауы



Ст. 27 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiне ауыстыру, сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босату, жүктi әйелдердің және жас балалары бар әйелдердiң, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлердің жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру, сондай-ақ мекеменiң түрiн өзгерту туралы мәселелердi шешу кезiнде жазалардың орындалуын бақылайды. 

2. Сот сотталғандар мен өзге де адамдардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекеттерiне немесе әрекетсіздігіне шағымдарын қарайды. 

3. Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді, қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және орны туралы және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру, мүлкiн тәркiлеу, өлiм жазасы түрiндегi жазалардың орындалуы туралы хабарлама жібереді.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 27-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V