Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 104 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi

1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға немесе судьяға, сол сияқты шағым жасалған шешiмдi бекiткен лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады. 

2. Прокурор немесе судья шағымды қарай отырып, онда жазылған барлық дәлелдердi тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиiстi лауазымды адамдардан, жеке немесе заңды тұлғалардан шағым жасалған әрекеттер мен шешiмдерге қатысты жазбаша түсiнiктемелер алуға мiндеттi. 

3. Шағымды қараушы прокурор немесе судья өз өкiлеттiктерi шегiнде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге дереу шара қолдануға мiндеттi. 

4. Егер шағым жасалған, құқыққа сыйымсыз iс-әрекеттермен немесе шешiмдермен жеке немесе заңды тұлғаға моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян келтiрiлсе, оған осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген зиянның өтелуіне немесе жойылуына құқығы және сол құқықты жүзеге асырудың тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.
Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 104-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V