Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
111-бап. Дәлелдемелер ұғымы

Ст. 111 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады. 

2. Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнің, қорғалуға құқығы бар куәнің, сарапшының, маманның айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; процестік әрекеттердiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
Статья 1 ...109 110 111 112 113 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 111-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V