Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу



Ст. 235 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V




1. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, прокурорды жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып және кейіннен осы Кодекстің 234-бабында көзделген тәртіппен санкция ала отырып, осы Кодекстің 232-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге жол беріледі. 

2. Прокурор ұсынылған материалдарды зерделей отырып, жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің кейінге қалдыруға болмайтынымен келіскен жағдайда, жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыны санкциялайды, ал келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіні туралы қаулы шығарады.


Статья 1 ...233 234 235 236 237 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 235-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V