Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
263-бап. Үлгiлер алуға құқығы бар адамдар мен органдар

Ст. 263 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Егер бұл үлгілер алынатын басқа жынысты адамды жалаңаштаумен ұштаспайтын және ерекше кәсіби машықтарды талап етпейтін болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жеке өзі, қажет болған кезде дәрігердің, өзге маманның қатысуымен үлгілерді алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгілерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасымен дәрігер немесе маман алуы мүмкін. 

2. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін. 

3. Зерттеу процесінде сарапшы эксперименттік үлгілерді дайындауы мүмкін, ол туралы қорытындыда хабарланады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осындай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, бұл оның өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі. 

Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сарапшы үлгiлердi қапталған және мөрленген түрде өзiнiң қорытындысына қоса береді.
Статья 1 ...261 262 263 264 265 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 263-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V