Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 324 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру

1. Судья iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы қаулыны осы Кодекстiң 45-бабының бiрiншi, екiншi, үшінші бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша шығаруы мүмкiн. 

2. Iс бойынша iс жүргiзу, бұл бiрнеше сотталушылардың бiреуiнің қорғалу құқығына немесе басқа да сотталушылардың қорғалу құқықтарына қысым көрсетілмеген жағдайда, олардың біреуіне қатысты тоқтатыла тұруы мүмкiн. Өздеріне қатысты iс жүргiзу тоқтатыла тұрмайтын сотталушылар күзетілуде болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде сотталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi тоқтата тұру үшін негiздер жойылмаса, онда басқа сотталушыларға қатысты iс жүргiзу қайта басталуға және басты сот талқылауының күнi тағайындалуға тиiс. 

3. Іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстiң 45-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармағында көзделген негiз бойынша тоқтатыла тұрған кезде, осы Кодекстiң 335-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, iс прокурорға қайтарылады.

Статья 1 ...322 323 324 325 326 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 324-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V