Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
33-бап. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту



Ст. 33 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V




1. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 9-тарауында көзделген іс-әрекет коммерциялық ұйымның немесе мемлекеттiк кәсiпорын болып табылмайтын өзге де ұйымның мүдделерiне ғана зиян келтiрсе және басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмыстық жауаптылыққа тарту осы ұйым немесе уәкiлеттi орган басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) арызы немесе олардың келiсуi бойынша жүзеге асырылады. 

2. Ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы, құрылтайшысы (қатысушысы) адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды қылмыстық процестің кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы. Арызды кері қайтарып алу іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатуға әкеп соғады.


Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...674 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V