Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 379 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
379-бап. Тану үшін көрсету, куәландыру, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу

1. Тану үшін көрсету, куәландыру, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу сот талқылауында тараптардың қатысуымен, осы Кодекстiң 223, 229, 257 және 258-баптарында және 34-тарауында көзделген қағидалар сақтала отырып, сот қаулысы бойынша жүргiзiледi. 

2. Егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл қажет болса, тану үшiн көрсету, куәландыру, эксперимент, үлгiлер алу жабық сот отырысында жүргiзiлуi мүмкiн. 

3. Куәландырылушыны жалаңаштау арқылы куәландыруды жеке үй-жайда дәрiгер немесе өзге маман жүргiзедi, олар куәландыру актiсiн жасап, оған қол қояды. Содан соң көрсетілген адамдар сот отырысы залына оралып, онда тараптардың және куәландырылған адамның қатысуымен, егер куәландырылушының денесiнде іздер мен белгiлер табылса, олар туралы сотқа хабарлайды, тараптардың және судьяның сұрақтарына жауап бередi. Куәландыру актiсi iске қоса тiгiледi.
Статья 1 ...377 378 379 380 381 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 379-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V