Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
381-бап. Сот тергеуiнiң аяқталуы



Ст. 381 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Төрағалық етушi дәлелдемелердi зерттеу аяқталғаннан кейiн: 

1) тараптарға – олардың сот жарыссөзiнде, ал соттың – үкiм шығару кезiнде тек сот тергеуiнде қаралған дәлелдемелерге ғана сiлтеме жасауға құқылы екендiгiн түсiндiредi; 

2) тараптардан олар сот тергеуiн толықтыруды қалайтынын-қаламайтынын және немен толықтырғысы келетiнiн сұрайды. 

2. Сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхаттар мәлiмделген жағдайда, сот бұл өтiнiшхаттарды талқылайды және оларды шешедi. 

3. Өтiнiшхаттарды шешкеннен және қажеттi сот әрекеттерiн орындағаннан кейін, сондай-ақ сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхат қозғалмаған немесе сот оларды уәждi түрде қабылдамаған жағдайларда, төрағалық етушi сот тергеуiн аяқталды деп жариялайды.

Статья 1 ...379 380 381 382 383 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 381-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V