Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 120 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
120-бап. Зорлау

1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау – 

үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған; 

3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан; 

4) бірнеше рет жасалған зорлау – 

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар: 

1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса; 

2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса; 

3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса; 

4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса; 

5) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге де адам жасаса; 

6) қылмыстық топ жасаса – 

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал 5) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, – 

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...118 119 120 121 122 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 120-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V