Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау



Ст. 137 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса -  елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жыл мерзiмге дейiн бас бостандығын шектеуге жазаланады.
 
Ескерту. 137-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...135 136 137 138 139 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 137-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы