Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену



Ст. 185 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) - бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Нақ сол әрекет: 
 
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша; 
 
б) бiрнеше рет; 
 
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса - бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. <*>
 
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер - бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер - алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 185-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2004.12.09. N 10 Заңдарымен.

Статья 1 ...184 184-1 185 186 187 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 185-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы