Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 241 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу

Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның iрi залал келтiрген, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлiк құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметi туралы көрiнеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы олардың сақталу мерзiмi өткенге дейiн жоюы – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...239 240 241 242 243 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 241-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V