Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау



Ст. 314 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрiнеу жалған мәлiметтердi eнгiзуi, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаса, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484, өзгерту енгiзiлдi - ҚР-нiң 2007.07.21. N 308 Заңдарымен.

Статья 1 ...312 313 314 315 316 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 314-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы