Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
320-бап. Өкiмет өкiлiн қорлау



Ст. 320 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Өкiметтiң өкiлiн оның өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау - жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
 
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет - үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту.
 
1. Осы Кодекстiң осы бабында және басқа да баптарында өкiметтiң өкiлдерi деп, оған қызмет жағынан тәуелсiз адамдарға қатысты заңмен белгiленген тәртiпте өкiм ету өкiлеттiгi берiлген мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасы танылады.
 
2. Өкiмет өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Статья 1 ...318 319 320 321 321-1 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 320-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы