Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 349 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру

1. Лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беруі, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, – 

бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – 

белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – 

белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – 

белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...347 348 349 350 351 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 349-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V