Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 403 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
403-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы

1. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденіп алуы, сол сияқты мемлекеттiк органдарда саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтірсе, – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Статья 1 ...401 402 403 404 405 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 403-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V