Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар



Ст. 53 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:
 
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;
 
б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;
 
в) жүктiлiк;
 
г) айыпкердiң жас балалары болуы;
 
д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;
 
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;
 
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;
 
з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;
 
и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;
 
к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.
 
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.
 
3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.
 
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзiмi немесе мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екiсiнен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен аспауға тиiс.
 
Ескерту. 53-баптың 4 бөлiгi жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы