Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 9 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
9-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап беру

1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгiленбесе, ұстап беруге жатпайды. 

2. Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн. 

3. Ешкімді де шет мемлекетке, егер сол мемлекетте оған азаптау, зорлық-зомбылық, басқа да қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсету немесе жазалау қатері бар деп пайымдауға айтарлықтай негіздер болса, сондай-ақ өлім жазасын қолдану қаупі жағдайында, егер Қазақстан Республикасының шарттарында өзгеше көзделмесе, ұстап беруге болмайды. 

2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V