Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Прокуратура туралы
42-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар

Ст. 42 Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Бас прокуратура, ведомстволар, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар алқаларын құру туралы шешімді Бас Прокурор қабылдайды. 

2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғаруы бойынша мүдделі адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды талап ететiн, заңдылықты анықталған бұзушылықтармен байланысты өзге де мәселелер қаралады. 

3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгінің даусымен қабылданады және прокуратура органдарының бағынысты қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады. 

4. Бас прокуратурадағы, ведомстволардағы, облыстар прокуратураларындағы және оларға теңестiрiлген прокуратуралардағы алқа жұмысының регламентi мен оның құрамын олардың бірінші басшылары айқындайды. 

7-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ, ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІГІ

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...52

Перейти к статье






Добавить комментарий к 42-бап Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ