Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 136-1 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Жер кодексi
136-1-бап. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібі

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерінің құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру су объектісінің мөлшері табиғи немесе жасанды түрде жойылып немесе азайып кеткен және су қорының жерлері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайларда жүргізіледі. 

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерінің құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы шешімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды. 

Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру немесе су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан бас тарту туралы шешім жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. 

Ескерту. 136-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 N 180-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-тарау. Босалқы жер

Статья 1 ...135 136 136‑1 137 138 ...171

Перейти к статье






Добавить комментарий к 136-1-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі