Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
14-бап. Орталық уәкілетті органның құзыреті



Ст. 14 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:

1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;

1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

1-2) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;

2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2-2) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекiту;

5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;

7-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

7-2) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде берілетін өтініш, келісуші органдардың қорытындысы, жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жоспар нысандарын бекіту;

8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;

9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;

10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;

11) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

12) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу;

14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;

15) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

15-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

16-1) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту;

16-2) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту;

16-3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекіту;

16-4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту;

16-5) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту;

17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 279, 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 14-1 15 ...171 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі