Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 96-1 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Жер кодексi
96-1-бап. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі

1. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсынатын ақпараттың негізінде орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

2. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті органға ақпарат жібереді, онда: 

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, оның жеке сәйкестендіру нөмірі; 

2) заңды тұлғаның атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

3) алып қойылған жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы және нысаналы мақсаты; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың түрі мен құрамы; 

5) сот шешімі қабылданған және оның заңды күшіне енген күні көрсетіледі. 

Орталық уәкілетті орган ақпаратты алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде оны жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміне енгізеді. 

3. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі мәліметтер осы Кодекстің 92 және 93-баптарының негізінде жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін алып тасталады. 

Көрсетілген мәліметтер жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайларда да жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаның өтініші бойынша бір жұмыс күні ішінде алып тасталады. 

Өтінішке сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі. 

4. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруге жол берілмейді. 

Ескерту. 9-тарау 96-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

Статья 1 ...95 96 96‑1 97 98 ...171

Перейти к статье






Добавить комментарий к 96-1-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі