Ст. 175 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
175-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Мемлекеттік органдар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді осы Кодекске сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жүргізуі қажет.
2-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:
1) осы Кодекстің 4-бабы бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөліктің 16) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"16) жолданым – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс нысанында жіберілген өтініш немесе шағым;";
2) осы Кодекстің 64-бабының бесінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"5. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат);
2) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 22, 82-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Соттарда жатқан, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін іс жүргізуге қабылданған істерді қарау осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының процестік заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
5. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қозғалған, бірақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін аяқталмаған әкімшілік рәсім Қазақстан Республикасының осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болатын заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қозғалған, бірақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін аяқталмаған әкімшілік рәсім, егер арыз иесі бұл туралы тиісті әкімшілік орган, лауазымды адам алдында жазбаша нысанда өтінішхат берсе, аяқталмаған бөлігінде осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей